Halyq Uni логотип
×

«Қазаққа тән емес». Бас дәрігер шегіртке жайлы сұраққа жауап беруден бас тартты

ҚМДБ оны халал өнім санайды

 Дәурен Ерболат 11.06.2024 | 13:15
«Қазаққа тән емес». Бас дәрігер шегіртке жайлы сұраққа жауап беруден бас тартты
Фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «шегіртке халал, оны жеуге болады» деген мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында министрге «Өткен аптада премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «шегіртке халал, оны жеуге болады» деп мәлімдеме жасады. Ол біраз сынның астына қалды. Сіз – Қазақстанның бас дәрігерісіз, осыған қатысты пікір білдірсеңіз. Шынымен шегірткені жеуге бола ма?» деген сұрақ қойылды.

Ақмарал Әлназарова оған қатысты пікір білдіре алмайтынын жеткізді.

Сіздерді құрметтеймін. Бұл сұрақты комментарийсіз қалдырсам. Әрбір мемлекеттің өзінің дәстүрі бар. Қазаққа тән емес дәстүр деп білемін. Сондықтан қазір оның зияны, пайдасы бар, халал, халал емес деп айтуға дайын емеспін. Бұл менің құзыретіме кірмейді, - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін ҚМДБ шегірткенің халал екенін хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама