Биліктің өзі де алданып отыр, - дейді ол
Заң шеңберінде 67 мың өтініш түскен. Оның 4 пайызы ғана рәсімнен өткен. Бұл туралы экономист-сарапшы Қайырбек Арыстанбеков Halyq Uni Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.
Банкроттық туралы заң мүлде жұмыс істемей тұр. Оны не үшін қабылдадық? Оның не керегі бар? Міне, басымызды қатырып отыр. Халықты да алдап отыр. Биліктің өзі де алданып отыр. Мысалы, былтырғы статистиканы қарасақ, 67 мың өтініш түскен. Соның 4 пайызын ғана қанағаттырған. Бұл қандай заң? Ондай заңның не керегі бар? Өтініштің 4-ақ пайызы рәсімнен өткен. Ал 96 пайызға жұмыс істемейді деген сөз. Міне, көрдіңіз бе? Мемлекеттің осындай құқықтық сүрінуі бар, – дейді Қайырбек Арыстанбеков.
Сарапшының айтуынша, банк жүйесінде монополия болмау керек. Керісінше, бәсекелістік жоғары болса, пайыздық мөлшерлемелер де төмендейді.
Сұхбаттың толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.