Дмитрий Колода солтүстік өңірлерде газдандыру мәселесін тез арада шешуді сұрады
Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода еліміздің солтүстік облыстарында тұрып жатқан азаматтарға қосымша үстемақы тағайындауды ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сауалымыз солтүстік өңірлердегі халықтың өмір сүру сапасына арттыру мәселесіне арналады. Бұл аймақтағы климат, әлеуметтік, коммуналдық, жол инфрақұрылымының жағдай оны өмір сүруге тартымсыз етеді. Мысалы, мұнда жылыту маусымы жеті айдан асады.
Солтүстікте газдандыру деңгейі төмен. Мұнда халықты таза ауыз сумен қатамасыз ету көрсеткіші айтарлықтай төмен, жолдардың сапасы да сын көтермейді. Орташа жалақы да республикалық көрсеткіштен төмен. Салдарынан солтүстік аймақтарда халық саны азайып жатыр. Оған біраз жыл болды, – деді Дмитрий Колода.
Депутаттың пікірінше, солтүтіктік өңірлердегі тұрғындарды ынталандыру керек.
Климаты біздегі солтүстік өңірлерге ұқсас басқа елдердің тәжірибесін алып қарайықшы. Онда күрделі климаттық жағдайда тұратын өңірлердің тұрғындары үшін түрлі қаржылық қолдау құралдары қарастырылған. Шәкіртақы, зейнетақы мен жалақы мөлшері белгіленген. Сондықтан мұндай арнайы «өңірлік үстемақы» жүйесін енгізу халықтың бұл өңірде тұруға деген ынтасын арттырады, – деді ол.
Дмитрий Колода ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасарына жолдаған депутаттық сауалында бірқатар ұсынысын айтты: