×

«Біз Северодонецкіде Ресей әскерлерін қақпанға түсірдік» – Арестович

Ол РФ жауынгерлерінің естері шығып жатқанын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 03.06.2022 | 16:38
фото: 24tv.ua

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович украин жауынгерлерінің Северодонецкіні Ресей әскеріне «әдейі бергендерін» айтты. Бұл туралы өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Кеңесші осының бәрі алдын ала ойластырылған соғыс жоспары болғанын атап өтті.

«Біз қаланы «беріп қойған» болып, Ресей әскерлерін Северодонецкіге қасақана алып келіп, қақпанға түсірдік. Қазір олар естерінен танып жатыр», – деп жазды.

Арестович Украина Қарулы күштері РФ армиясының авиация мен артиллерия жағынан әлдеқайда басым болғанына қарамастан, басқыншыларға қарсы соққы бергенін жеткізді.

«Қазір отты қару жағынан жаудың басым болғанына қарамай, олардың естері шығып жатыр. Ресей әскерлері құрамынан ерікті түрде қолға түскен алғашқы солдаттар да шықты. Бірақ, басқыншылардың бәрінің жолдары болып жатқан жоқ, қырылып қалғандары да аз емес», – деп атап өтті ол.

Бұған дейін Луганск облысы әскери әкімгершілігінің басшысы Сергей Гайдай Ресей оккупаттарының Северодонецкінің 80 пайызын басып алғанын мәлімдеген болатын. Кейін ол соғыстың қала көшелерінде болып жатқанын мәлімдеді.  

Северодонецкінің мэрі қалада 12-13 мыңдай ғана адамның тұрып жатқанын, оның көбісі өз еріктерімен қаланы тастағысы келмей, Ресей әскерінің жағына шыққысы келетін тұрғындар екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама