Halyq Uni логотип
×

«Қазақ еліне, тәуелсіздігімізге қарсы айтылған сөз». Депутаттар ForteBank хабарландыруы жайлы

ForteBank «қазақ тілін білуі міндетті емес» деп хабарландыру жариялап, сынға қалды

 Дәурен Ерболат 17.05.2024 | 14:57

Жуырда ForteBank хабарландыру жариялап, сынға қалды. Хабарландыру мәтінінде «қазақ тілін білу міндетті емес» деген талап бар. Осыдан кейін әлеуметтік желіде банк қызметінен бас тартуды ұсынып жатқандар бар.

Дауға ұласқан хабарламадан кейін ForteBank мән-жайды түсіндіріп, әрекеті үшін кешірім сұрады. Қаржылық ұйымның айтуынша, хабарландыруды жасанды интеллект әзірлеген. Алайда банктің жауапты қызметкері оны тексермеген.

Тіл мәселесі, оның ішінде қазақ тілі елімізде өте маңызды екенін білеміз және түсінеміз. Болған жағдай үшін жын жүректен кешірім сұраймыз. Мамандарымыз шұғыл түрде тексеріс жүргізіп, қателік роботтан кеткенін анықтады, - деп түсіндірді банк баспасөз қызметі.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мұндай даулардың шешімі «Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдау деп есептейтінін айтты.

Одан бөлек, ForteBank әрекетін сынға алып, хабарландыру мәтініндегі талап банк жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және оның жасанды интеллектке тікелей әсер еткенін атап өтті.

Депутат Аманжол Әлтай Қазақстанның қанатының астында жұмыс істеп жатқан барлық мекемеде қазақ тілін білу міндетті болуы керектігін айтты.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жұмысқа алғанда ешкімді тіліне, дініне, әлеуметтік статусына, ұлтына қарап алалауға болмайтынын айтып, қоғам тарапынан мемлекеттік тілге қатысты айтылған сынды орынды деп есептейтінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама