×

Қазақстандықтар алқаби ретінде судьядан дербес шешім қабылдауға әлі дайын емес – заңгер

Бишімбаев түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды, Байжанов 4 жылға сотталды

 Айгерім Таубай 15.05.2024 | 12:10
Фото: Halyq Uni

Қазақстандықтар алқаби ретінде судьядан дербес шешім қабылауға дайын емес. Мұндай пікірді Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында заңгер Алмас Жұмағали айтты.

Маманның айтуынша, кей азаматтар алқаби болуға шақыру алған кезде қорқады. 

Алқабилер шешімге қатысты дауыс берген кезде қойылған сұрақтарға «кінәлі», «кінәлі емес», «дәлелденді», «дәлелденген жоқ» деп дауыс береді. Бишімбаев өзіне қатысты істі алқабилердің қарауын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілмеуі үшін сұраған болуы да мүмкін, - дейді заңгер Алмас Жұмағали.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Іске судья Айжан Құлбаева төрағалық етті.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 10 негізгі алқаби мен судья кеңесу бөлмесінде шешім қабылдайды. Алмас Жұмағали алқабилердің судьядан дербес шешім қабылдауға құқықтық білімі жетпейді деп санайды.

Адамдар алқаби болудан қашып жүргенде оның жанында бір кәсіби маман болуы керек. Дәл қазір басқа механизм табылмай, судьяның шешім қабылдау процесіне қатысқаны дұрыс. Бірте-бірте халықтың құқықтық сауаты артқаннан кейін 11 алқаби бөлек, судья бөлек қарайтын болар, бірақ қазір емес. Ол жерде судья бәрін ұйымдастырады. Дәл қазір құқықтық сауаттандыру туралы бірнеше қадам жасалмай, алқабилердің судьядан бөлек шешім қабылдауы хаосқа алып келуі мүмкін, - дейді маман.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама