×

Мұсылман еріктілері батальонының мақсаты – Қырымды қайтару

Украинаға соғыс ашқан адамдардың бәрі жауап береді

 Дастан Жұмабекұлы 03.06.2022 | 12:02
фото: qirim.news

Осы күндері  Украинада Ресей қарулы күштерімен жергілікті әскер ғана емес, түрлі қарулы құрылымдар да шайқасып жатыр. Солардың бірі – мұсылмандардың еріктілер батальоны. Бұл құрылымның негізін Иса Ақаев есімді азамат қалаған. Ол 13 баланың әкесі. Жасы 57-де.

«Рейтер» агенттігіне берген сұхбатында ол: «Мен тек үйіме, Қырымға ғана оралғым келеді», – деген екен.  

Иса Ақаев сол үшін Ресей басқыншыларына қарсы қолына қару алып, соғысып жатыр. Өзі тұтас бір батальонды құрған. Ол  Ресей 2014 жылы Қырымды Украинадан тартып алғанда, Киевке көшіп барып, «Қырым» атты батальон құрды. Әуелі батальон шағын отрядтардан құралған. Оның құрамына кіргендердің көпшілігі – Қара теңіз жағалауында тұратын қырым татарлары болған.

24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіргенде батальонның 50 адамы Киев облысы төңірегіндегі шайқастарға қатысты. Қазір олар Қырыммен шектесетін Херсон облысында соғысу үшін оңтүстік майданға аттануға дайындалып жатыр.

«Біздің мақсатымыз – Қырымды қайтарып алу. Бірақ, соғыстың басында Херсон облысының көп бөлігі Ресейдің бақылауына өтіп, украин күштері түбектен 100 шақырымға ығыстырылғаннан кейін, бұл мақсатқа жету бұрынғыдан да қиын болып тұр», - деді ол.  

Дегенмен, Ақаев Қырымның күндердің бір күні Украинаға қайтып оралатынына сенімді.

«Біз Қырымды қайтармайынша, тоқтамаймыз. Үйімізге қайтып ораламыз. Бауырларымыз бен апа-қарындастарымызды, балаларымызды өлтіргендердің барлығы жауап береді. Басқыншылардың жағына шыққандар да жауаптан жалтара алмайды. Олар еш жерге, ешқайда жасырына аламйды. Бәрін табамыз. Бәрі жауап береді. Оған ешкім күмән келтірмесін. Аллаһқа ант етемін! Бәрінің сұрауы болады», - деді Ақаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23