Halyq Uni логотип
×

Министр көлікпен ит басып кеткен депутаттың әрекетіне пікір білдірді

Біз оны міндетті түрде әлеуметтік желілерге жариялаймыз, - деді ол

 Еркеғали Болатұлы 14.05.2024 | 15:15
Министр көлікпен ит басып кеткен депутаттың әрекетіне пікір білдірді
фото: exclusive.kz

Бүгін Үкіметте өткен брифингте Экология министрі Ерлан Нысанбаев жақында итті өз көлігімен басып өткен депутаттың іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді.

Еске сала кетсек, таяуда Ақмола облысында жергілікті мәслихат депутаты Қайрат Ауғалиев көлікпен итті аяусыз басып кеткен болатын.

Заңнамалық база бар және итке келтірілген зиянның дәрежесі Қылмыстық кодекс пен ӘҚБтК-ге сәйкес бағаланады. Мұнда, әрине, жануардың келе жатқанын көріп, оған зиян келтіруге болмайды, - деді Экология министрі.

Оның айтуынша, мұндай жағдайларға қатысты ІІМ ведомствосы тергеу жүргізіп, істі әрі қарай сотқа жібереді. Ал Ақмола облыстық полиция департаменті депутаттың үй жануарына қатігездік көрсеткені үшін жауапқа тартылғанын хабарлады.

Қайталап айтамын, ауырлататын мән-жайлар бойынша қылмыстық деп танылған баптар және ӘҚБтК бар. Бұл фактіні толығымен зерделеуді және ақпараттың БАҚ-тан берілуін тапсырамын. Біз оны міндетті түрде әлеуметтік желілерге жариялаймыз, - деді Ерлан Нысанбаев журналистерге берген жауабында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама