Айтбек Амангелді Бишімбаевқа шыққан сот үкіміне қатысты пікір білдірді
Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа шыққан сот үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Біз болжаған жаза мерзімінің бірі еді. Жалпы осы жаза мерзімімен тоқтаймыз, 24 жылдан кейін (Бишімбаев – ред.) 68 жаста болады. Түрмеде сотталғандарды ұстау тәртібіне қарай бұл өмір бойына соттаумен тең. Бұған адвокаттармен бірге бар күшімізді салдық. Бұл екі ай ғана емес, жарты жыл бойы жұмыс істедік, - деді Айтбек Амангелді.
Адвокат Жанна Оразбахов Байжановтың 4 жылға сотталғанына қатысты ойын айтты.
Байжановқа шыққан үкім – қоғамға жасалған сигнал. Немқұрайлы болмаңыздар, дәл осылай сотталушылар қатарынан табылуыңыз мүмкін. 4 жыл – өте әділ үкім, – деді Оразбахова.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.