Halyq Uni логотип
×

Прокурор Қуандық Бишімбаевты не себепті өмір бойына соттауды сұрамағанын түсіндірді

Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды

 Айгерім Таубай 13.05.2024 | 18:08
Прокурор Қуандық Бишімбаевты не себепті өмір бойына соттауды сұрамағанын түсіндірді
Фото: Halyq Uni

Салтанат Нүкенованың қазасына байланысты қылмыстық істе мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сотталушы Қуандық Бишімбаевты не себепті өмір бойына соттауды сұрамағанын түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокурор Саяхат Нұрбеков жарыссөз барысында айыптау тарапының бұрынғы ұлттық экономика министрін 24 жылға соттауды сұрағанын айтты.

Бишімбаевты түпкілікті 24 жылға соттауды сұрадық. Істің мән-жайы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдай ескерілді. Республика бойынша кейінгі 5 жылда осындай істер бойынша өмір бойына соттау жазасы тағайындалмаған, - деді Саяхат Нұрбеков.

Айжан Аймағанованың айтуынша, айыптау тарапы қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінде көрсетілген ең ауыр жаза – 20 жылға соттауды сұраған. Ал қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша ең ауыр жаза 7 жылға соттауды сұраған.

Сот қылмыстық құқықбұзушылықтарды ішінара қосу арқылы түпкілікті 24 жыл тағайындады. Яғни, біз сұраған уақытқа сотталды. Бұл – осы бап санкциясында көрсетілген ең жоғары мерзім. Кейінгі бес жылда алқабилердің қатысуымен қаралған осындай істерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмаған, - деді Айжан Аймағанова.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама