×

2024 жыл да мигранттар үшін ең қауіпті жыл болмақ - БҰҰ

Әрбір үшінші өлім қарулы қақтығыстардан қашу кезінде болған

 Еркеғали Болатұлы 13.05.2024 | 16:42
фото: migrantysng.ru

2023 жыл мигранттар үшін ең қауіпті жыл болды. Бұл туралы БҰҰ-ға қарасты Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) хабарлады.

Былтыр 8 540-тан астам мигрант қаза тапты. Олардың 60%-ы суға батып кеткен.

Эгей теңізіндегі түрік жағалауынан грек аралдарына дейінгі теңіз маршрутының бөлігі – мигранттар мініп өтетін қайықтарға өте қауіпті.

2024 жылы да бұл тенденция алаңдатарлық жағдайда қалып отыр. Жерорта теңізі бағытында қаза тапқандар саны бұрынғыдай жоғары: 1 қаңтардан бастап 956 адам қайтыс болған.

БҰҰ мәліметтері бойынша, мигранттар арасындағы әрбір үшінші өлім қарулы қақтығыстардан қашу кезінде болған. Қайтыс болғаны расталған мигранттардың 3/2-ден астамы белгісіз болып қалып отыр.

ХКҰ 2024-2028 жылдарға арналған жаңа стратегиялық жоспарды қабылдады. Оның басты мақсаты – көші-қон процесінде адамдардың өмірін сақтау және қорғау. Ол үшін БҰҰ Көші-қон агенттігі елдерді және басқа серіктестерді мигранттар арасындағы жоғары деңгейдегі өлімді тоқтату және бүкіл әлем бойынша көші-қон жолдарында ондаған мың адам өлімінің алдын алу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама