×

Жолдама ала алмаған балуандарға айтарға сөзім жоқ – Мадияр Құрамысов

Түркиядағы турнирде спортшылар лицензиядан қағылды 

 Дастан Жұмабекұлы 13.05.2024 | 16:18
Фото: instagram.com/qaz_team_official/

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мадияр Құрамысов Түркияның Ыстанбұл қаласыда өткен соңғы іріктеу турнирін қорытындылады.

Бұл турнирде еркін күрестің балуандары үш салмақта (57, 65, 74 келі) сынға түсіп, үшеуінде де жолдама ала алмаған еді.

Бас жаттықтырушының айтуынша, негізі жігіттер жақсы күрескен. Бірақ шешуші сәтте шеберлік жетпей қалды. Құрамға келер болсақ, жігіттердің бәрі әділетті түрде таңдап алынды.

Адлан Асқаров салыстырмалы түрде Бішкекте күрескен Майс Алиевтен мықтырақ болды. Рахат Қалжан да ең соңына дейін күресті. Ал Нұрғожа Қайпановтың әлеуеті осы. Бұдан жақсы нәтиже көрсете алмай жүр. Қазір оның 74 келі салмағы – еркін күрестегі ең беделді салмақ. Сондықтан алысқа бармады. Ыстанбұлдағы турнирден соң балуандарға айтарға сөз жоқ, – деді Құрамысов. 

Түркиядағы турнирде Рахат Қалжан (57 келі) жолдама үшін белдесуде жеңілсе, Адлан Асқаров (65 келі) екінші айналымда жарыстан шығып қалды. Нұрғожа Қайпанов (74 келі) болса, қола медаль үшін күресте қарсыласына есе жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама