Halyq Uni логотип
×

«Соғысқа өз еркімізбен барған жоқпыз»: Бақытжан Ертаев совет-ауған соғысы жайлы

Қазақстаннан соғысқа 22 мыңға жуық адам қатысқан

 Ая Өміртай 08.05.2024 | 17:21

Генерал-лейтенант, «Халық Қаһарманы» Бақытжан Ертаев Halyq Uni журналисіне берген сұқбатында совет-ауған соғысы жайында айтты. Генералдың айтуынша, жауынгерлер соғысқа өз еркімен аттанбаған.

«Ауған соғысына барамыз деп бармадық. Жан қиюға дайын болдық. Тірі келе ме, тірі келмей ме белгісіз болды. Ауған соғысының тарихы жазылғанымен, кей парағы ашылған жоқ. Әрбір ауған соғысы ардагерін батырым деп тану керек. Олар – ардагерлер. Ауған соғысының жарақаты жазылмайды. Себебі көп шығын кетті, қаза тапқандар көп», - деді Бақытжан Ертаев.

Биыл Ауғанстаннан совет әскері шығарылғанына 35 жыл толды. Ресми мәлімет бойынша, КСРО Ауғанстандағы соғыс барысында 14 мыңнан аса азаматынан айырылған. Осы соғысқа Қазақстан атынан қатысқан 22 мыңға жуық адамның 900-ден астамы қаза тауып, 21 адам хабарсыз кеткен.

Санамайықшы. Санамайық. Жатқан жері жайлы болсын. Оларға қандай әлеуметтік көмек беріліп жатыр. Қандай жеңілдік бар? Олардың жастары 60-тан асып бара жатыр. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қандай жеңілдік бар, тура соны көшіре салсын. Мәртебесі теңестірілуі керек. Ауған соғысының табиғаты өте өзгеше, тасы да, суы да біздікі емес. Ауған соғысының ардагерлері қол жайып жүрмеуі керек, - дейді Бақытжан Ертаев. 

Айта кетелік, «Ардагерлер туралы» заңға сәйкес Ауғанстандағы немесе басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған әске­ри қызметшілердің отбасылары 4,59 АЕК мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы.

Генерал-лейтенант, «Халық Қаһарманы» Бақытжан Ертаев 1952 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Кеңес ауылында дүниеге келген. 1973-1985 жылдары Алматы қаласындағы жалпы әскери командалық училище мен М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны тәмамдаған. Бұдан соң біраз жылдар әскер саласында басшылық қызметтер атқарды. 1998 жылы ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы, 1997-2000 жылдары Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, 2002 жылы ҚР Қарулы күштері Әскери академиясының бастығы лауазымын атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама