Олар жазасын өтеп жатқан кезде өзге адамдарға әсер ете бастайды
Эстремистік-террористік жолмен қылмыс жасағандарды бөлек отырғызу керек. Яғни, өзге баппен сотталғандардан оқшаулау қажет. Бұл туралы теолог, Sapsan стратегиялық орталығының директоры Жандәулет Сүлейменов Halyq Uni Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.
Сотталушылар түзету мекемесінде 6, 7, 8 жыл жазасын өтеп шығады. Шыққаннан кейін қайтадан сол қылмыс бойынша екінші мәрте жазасын өтеуге түсіп жатқандар баршылық. Бұл – өте қиын жағдай. Сол үшін санасы радикалданған азаматтар жазасын өтеп жатқан кезде өзге адамдарға әсер ете бастайды. Яғни, мекемелерде іштей раликалдану жүріп жатыр, - дейді теолог.
Айта кетсек, «Әділетті қоғам» бағдарламасында «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылған Қазақстанның 600-ден астам азаматының бүгінгі жағдайы, түзету мекемелерінде жат ағым жетегінде кетуі ықтимал сотталушылардың келешектегі әрекеттерін бақылау мәселесі талқыланған болатын. Толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.