×

Нарық пен монополия: Астанада энергиямен жабдықтаушы 119 ұйымның лицензиясы тоқтатылды

Сарапшылар мұның соңы электр энергиясы бағасының екі есе қымбаттауына ұласады деп қауіптенеді

 Айнұр Шошаева 24.04.2024 | 14:31
фото: Halyq Uni

Астанада энергиямен жабдықтаушы 119 ұйымның лицензиясы тоқтатылды. Сарапшылар бұл жағдайдың нарықта монополия орнап, электр энергиясы бағасының қымбаттауына әкелетінін айтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, 1 сәуірден бастап энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясының 99% тоқтатылған. 119 жеке компания Астана қаласы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментінен тиісті хат алған, алайда онда лицензияны тоқтатуға негіз болатын себеп көрсетілмеген. Кәсіпкерлер палатасы комитеттің іс-әрекеті заңға негізделмегенін, ЭЖҰ қызметінің заңсыздығын белгілейтін немесе эклектикалық энергия нарығы жүйесін қайта қарау туралы бірде-бір нормативтік акт жоқтығын айтады.

«2004 жылы электрмен қамтамасыз ету саласында реформа жүргізілді. Егер оған дейін сала электр энергиясын өндіру және оны жеткізу сияқты екі кезеңнен тұрса, реформадан кейін бұл салада үшінші кезең пайда болып, электр энергиясын жеткізу және бөлу, яғни тұтынушыға энергияны сатумен айналысатын ойыншылар пайда болды. Бұл тариф белгілеу жүйесін барынша ашық ету үшін жасалды. Өйткені электр энергиясын таратушы ұйымдар өздерінің технологиялық және басқа да шығындарын, оның ішінде халық пен заңды тұлғалардың есебінен жапты. Бұл реформа бізге нақты тарифтің неден құралатынын көрсетті. Биыл 1 сәуірден бастап жаппай (99%) энергия беруші ұйымдарға лицензиясының тоқтатылғаны туралы хабарланды. Бұл ретте біз рәсімдік заңнаманың бұзылғанын көріп отырмыз. Себебі тек екі жағдайда ғана – егер әкімшілік іс жүргізіліп, сот процесі жүріп жатса немесе бизнес субъектісінің өзі лицензиядан бас тартқан жағдайда ғана қайтарып алуға болады», - деді Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин.

Сонымен қатар ол елордада бір ғана компания лицензияны тоқтату туралы ескерту алмағанын атап өтті. Ол - «Астанаэнергосбыт» АҚ компаниясы.

2004 жылға дейін халықтың электр энергиясын өндіруші компанияларына жаппай қарызы болды. Сол үшін заңнама үшінші кезеңді қалыптастырды, электр энергиясын сататын компаниялар халықтың кредиторлық қарызын өзіне алды. Сәйкесінше, олар электр энергиясын өндіріп, бөлумен айналысқан компаниялармен есеп айырысып отырды. Меніңше, бұл шешімнің салдарынан біз тарифті қалыптастырудағы ашықтық жоғалады, - деп қосты палата басшысы.

Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Мағжан Қуанышбек кәсіпкерлерге лицензияның тоқтатылғаны түсіндірілді, ешқандай заңнама бұзылмағанын алға тартты.

«Электр энергиясының құны өндіруші ұйымның бағасы, электр энергиясын беруші ұйымның бағасы және жабдықтаушы ұйымның шығынынан тұрады. Қазір электр өндіруші және беруші ұйымдардың өз балансында мүлкі бар. Ал электр жабдықтаушы ұйымдар реттелетін және реттелмеймін ұйымдар болып екіге бөлінеді. Қазір электр энергиясын жабдықтайтын реттелмейтін ұйымдардан барлық бюджеттік және басқа да тұтынушылардың кетуіне байланысты реттелетін электр жабдықтаушы ұйымы («Астанаэнергосбыт» АҚ) көлемінің түсуіне байланысты тарифтің өсуі байқалады. Сол себепті Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті комитет пен үкімет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында барлық энергия жабдықтаушы реттелмейтін ұйымдардың лицензиясын тоқтату туралы хат жіберді», - деді ол.

Сондай-ақ ол тарифтің қымбаттауына қатысты пікір білдірді. Реттелмейтін ұйымдардың энергияны қаншадан сататынын білмейтінін атап өтті.

«Біз тек реттелетін энергия жабдықтаушы ұйымдардың бағасын ғана білеміз. Ал реттелмейтін ұйымдардың шотты қандай тарифпен жіберетінін білмейміз. «Астанаэнергосбыт» АҚ-дан бюджеттік ұйымдардың шығыны кетіп жатыр. Бізде электр энергиясын кепілді жеткізушімен келіскен кезде халық, бюджеттік ұйымдар және басқа да ұйымдар (бизнес) үшін сараланған тариф бар. Ал халықтың өзара субсидиялары бар. Мысалы, орташа тарифті 29 теңгеден, ал халық үшін орташа тарифті 20 теңгеден деп алайық.Ал басқа тұтынушылар үшін бұл бюджеттік ұйымдар мен бизнес үшін баға орташа тарифтен жоғары бағамен есетеледі. Қазір көлемнің азаюына байланысты бюджет ұйымдары мен басқа да тұтынушылар кетіп жатыр. Ал шығындардың қалатынын ескерсек, тарифтің өсу қаупі бар», - деді басқарма өкілі.

«ОЛИГАРХТАРҒА ТИЕСІЛІ ӨҢІРЛІК ЭНЕРГО КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ТАБЫСЫ ЕСЕЛЕП КӨБЕЙІП ЖАТЫР»

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясының тоқтатылуы нарықтағы бәсекеге қабілетті тұтас бір саланың жойылуына әкелуі мүмкін. Қазақстанның энергия жабдықтаушы ұйымдары қауымдастығының жетекшісі Сергей Агафонов қазіргі жағдайға қатысты осындай пікір білдірді.

«Қазақстанның тарихында алғаш рет нарықтың бәсекеге қабілетті секторы жойылып жатыр. Бұған дейін мұндай жағдай болмаған. 2004 жылдан бастап барлық дамыған елдер жүріп жатқан жолға түстік. Сол жылы екі функция – сату және жеткізу бөлдінді. Қазір өкінішке қарай кері кетіп жатырмыз. Электр энергиясындағы бәсекеге қабілетті секторды жойып, сату функиясын желіге қайтарып жатыр. Бұл жерде ең алдымен нарықтың монополизациялану қаупінде. Яғни әр өңірде электр энергиясын жеткізуші бір ғана монополист компания болады. Мысалы, әр өңірде түрлі банк немесе ұялы телефон операторының орнына бір ғана компания болғанын елестетіп көріңізші. Бұл жерде де солай», - деді ол.

Сондай-ақ сарапшы бұл қадам тәуелсіз компанияларды жауып қана қоймай, электр энергиясының бағасын орта есеппен 50% өсуіне әкеледі деген пікір айтты.

«Реттелмейтін электр энергиясымен қаматамасыз ететін тәуелсіз компаниялардың жабылуымен өңірлердегі электр энергиясының бағасы орта есеппен 50% өседі. Нақты қазіргі мәліметті мысалға келтіре аламын. Шымкентте 21,84 теңге болған, қазір 42 теңге болды (93% көбейді). Қостанайда 26 теңгеден – 36,27 теңгеге дейін, Көкшетауда 26,25 теңгеден – 39,84 теңгеге дейін, Павлодарда 21,76 теңгеден – 30,27 теңгеге дейін, Өскеменде 25,3 теңгеден 33,54 теңгеге өсті. Барлық өңірде энергия бағасы көтеріліп жатыр», - деді ол.

Қауымдастық басшысы су тасқынынан кейінгі жағдай Қазақстан экономикасы үшін ауыр соққы болады деп есептейді.

«Шағын және орта бизнес тауар мен қызмет ақысын көтеруге мәжбүр болады. Ең қиыны бұның бәрі су тасқынынан кейінгі экономиканы қалыпқа келтіру кезеңімен тұспа-тұс келеді. Мамыр айының басынан бастап көтеріледі. Менің ойымша, бұл Үкіметтің жұмысына қарсы сөзбайласу сияқты. Халық үшін тауар мен қызмет құны қымбаттайды, онсыз да су тасқынан зардап шегіп жатқанда «жығылған үстіне жұдырық» болады. Президент үнемі демонополизация туралы айтып келеді. Бәсекеге қабілетті секторды жою қашаннан бері демонополизация болып саналады? Шын мәнінде нарық монополизацияланады, әр өңірде бір ғана жеткізуші компания қалады. Бұған жол беруге болмайды», - деді спикер.

Сонымен қатар ол аталған реформаның пайдасын энергетикалық кешендерге иелік ететін олигархтар ғана көреді деп есептейді.

«Бұл кімге керек деген заңды сұрақ туындайды. Бүгінде реттелмейтін электр энергиясын жеткізушіден алынатын қаржы мен қымбат баға саладағы олигархтарға тиесілі болады. Бүгінде бұл реформаның пайдасын тұтынушы көреді деген пікір айтылып жатыр. Бұл жалған. Оның қызығын тек олигархтар көреді. Мысалы, биыл 1 қаңтардан бастап олигархтарға тиесілі ӨЭК-тердің (өңірлік электр желілік компанияларының) табысы 3 есе көбейіп жатыр. Міне, кімге пайдалы деген сұраққа жауап. Халық, шағын және орта бизнес ұтылады. Президенттің бұдан хабары бар ма деген ой мазалайды. Демонополизацияны желеулетін нарық монопозизацияланып жатыр», - деді Сергей Агафонов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама