Ақшаны босқа шашу: депутат Ақтаудағы тамшылатып суару жүйесін сынға алды

Ая Өміртай

Құрылғы бір маусымға ғана жарамды

фото: Lada.kz

Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин тамшылатып суарудың тиімсіздігін айтты, деп хабарлады Halyq Uni.

Кирилл Осин атап өткендей, қазір қала бойынша Қытайда жасалған, тек егістіктер мен бақша алқаптарына ғана жарамды бір реттік жүйелер орнатылып жатыр.

Қала жағдайында және үлкен ағаштарды суару үшін мұндай жүйе мүлде тиімсіз. Бұл – ақшаны босқа жұмсау. Бұл суару мәселесін мүлде шешпейді, өйткені су түбірлік жүйеге жеткенге дейін буланып кетеді. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда суды тиімді тұтынуға да, еңбек ресурстарын үндемдеуге де болар еді, - деп санайды депутат.

Айта кетсек, Кирилл Осин ағаштарды суару жүйесін іске қосу үшін прокуратураға шығуға мәжбүр болған. Мұндай жүйелер көкөніс бақшаларында немесе бақша алқаптарында ауылшаруашылығы өсімдіктеріне жақсы сәйкес келеді.