×

Қазақстанда 12 мың бала маскүнем, нашақор ата-анасымен тұрып жатыр – сарапшы

Заң жобасына сәйкес, енді балалар үйін тексеруге мораторий жүрмейді

 Ербол Тұрымбет 10.04.2024 | 10:32

«Әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қорғау туралы» заң жобасына сәйкес енді балалар үйін тексеруге мораторий жүрмейді. Қалаған кезде барып қоғамдық бақылау жасауға болады. Бұл туралы Президент жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Нәзипа Шанаи айтты.

«Былтыр жазғы лагерьлер бойынша қандай сұмдықтар анықталды?! Енді сол жазғы лагерь жүргіземін деген адамның бәрі лицензия алуы керек. Бұл балаларымыздың құқығын қорғау үшін қажет. Бүгінде Қазақстанда 12 мың бала маскүнем, нашақор, ойынқұмар ата-аналарымен өмір сүріп жатыр. Бірақ ешкім баласын тартып алып жатқан жоқ. Тартып алу үшін заңда қарастырылған дәлел болу керек», - дейді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, былтырғы Ақтөбеде болған жағдайдан сабақ алу керек. Бала аштан өліп, ал ата-анасы оны жерлемей отыра берген.

Сондай жағдайға жеткізбей, балалар құқын осындай жағдайда, яғни өмірін сақтап қалуымыз керек, - дейді Нәзипа Ыдырысқызы.

Нәзипа Шанаи елімізде құрылатын отбасын қолдау орталықтары ең соңғы қиын жағдайға дейін бала өз отбасында өсуге жағдай жасау үшін жұмыс істейді. Тіпті, ата-анасы маскүнем болғанның өзінде «қайтып емделмейді, жөнге келмейді» деген жағдайға дейін баланы отбасынан ажыратып алмайды. Себебі, бала ата-анасының жанында өсуі керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама