Halyq Uni логотип
×

«Жаңаөзен қаласын су алып жатыр»: жергілікті прокурор үндеу жасады

Ақтау мен Бейнеуге Құлсары қаласынан 16 мыңға жуық адам орналасты

 Еркеғали Болатұлы 07.04.2024 | 14:02
«Жаңаөзен қаласын су алып жатыр»: жергілікті прокурор үндеу жасады
фото: azh.kz

Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттуков халыққа үндеу жасап, жалған ақпарат таратпау керектігін ескертті. Бұл туралы Бас прокуратураның Telegram-арнасы хабарлады.

Құрметті облыс тұрғындары, бәрімізге мәлім, көршілес өңірлерде төтенше жағдай жарияланды. Қазір Атырау облысының Құлсары қаласынан 16 мыңға жуық адам келді. Олар облысымыздың Бейнеу ауданы және Ақтау қаласына орналасты. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жұмыстарды ұйымдастырып, көмек көрсетіп жатыр. Біздің өңірде ахуал бірқалыпты, - деді Руфат Құттуков.

Дегенмен онда кейбіреулер мүлде шындыққа жанаспайтын ақпараттарды, бейне және аудиожазбаларды қасақана таратып жатыр.

Владислав есімді азамат «Жаңаөзен қаласын су алып жатыр» деген жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 73 мың теңге айыппұл салынды, - деді өңір прокуроры.

Жағдай оңай емес деп бағалаған прокурор халықты тек ресми ақпаратқа сенуге, пендешілік жасамай, заңды сақтауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама