Halyq Uni логотип
×

Дәурен Абаев қандай жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін айтты

Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

 Халық үні 01.06.2022 | 12:33
Дәурен Абаев қандай жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін айтты
фото: Арыстанбек Мұхамедиұлы, Дәурен Абаев

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев егер Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына тағылған қылмыстық айыптаулар оның (министр Абаев – ред.) тұсында жасалғаны дәленденсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы министр Үкімет отырысынан кейінгі журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты. 

Еске салайық, Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіп жатыр.

Антикор «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында ҚР Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрі болып 2022 жылдың 11 қаңтарында тағайындалды. Оған дейін Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама