×

Ресейде НАТО-ға соғыс жарияланды

Бұған мәселені талқылауға келген адамдар ештеңе дей алмады

 Дастан Жұмабекұлы 01.06.2022 | 11:20
фото: dsnews.ua

Ресейдің «Россия 1» телеарнасында жүргізуші Ольга Скабеева үшінші дүниежүзілік соғыстың басталағанын хабарлады.

Ол «60 минут» атты бағдарламада Украинаға қарсы «Арнайы операцияның» біткенін, енді НАТО елдерімен соғыстың болатынын айтты.

Ресейдің Украинадағы «Арнайы операциясы» бітуге жақын қалды. Енді қаласаңыздар да қаламасаңыздар да нағыз соғыс басталайын деп жатыр. Бұл соғыс – жай соғыс емес, ол үшінші дүниежүзілік соғыс. Біз Украинаны ғана емес, енді бүкіл Солтүстік Альянсқа мүше елдерді демилитаризациялайтын боламыз. Бізді соған мәжбүрлеп жатыр, - деді ол.

Бұған студияға Украинамен соғысты талқылауға келген қонақтар ештеңе деген жоқ. Өйткені, Украинадағы соғыстың Ресей әскері үшін өте қиын жағдайда болып жатқаны көрініп-ақ тұр.

Қазір Украина АҚШ бастаған НАТО елдерінің қаруларын алғаннан кейін тіпті, күшейе бастады. Олар майданда айтарлықтай жеңіске жетпей жатпаса да қорғаныс шебін мықты ұстап отыр. Ал Зеленский тіпті, Ресейдің қаруын жиып қойып, келісім сұрайтын нүктеге жақындап келе жатқандарын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама