×

«Бұл елдің интеллектісі төмен»: Пугачева өзін қорлағандарды сынады

Өнерпаздарды халықтың біразы кешіре алмай жүр

 Дастан Жұмабекұлы 01.06.2022 | 09:56
фото: starhit.ru

Ресейдің белгілі әншісі Алла Пугачева РФ-ның Украинадағы соғысын сынап, отбасымен бірге Израильге қоныс аударғаны үшін өзін қорлап жатқан отандастарына жауап берді. Ол ресейліктердің интеллектісі төмен екенін айтты. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Ресейлік өнерпаздардың біразы РФ Украинаға шабуыл жасаған күні соған қарсылық акциясы ретінде жұбайы Максим Галкинмен бірге Израильге кетіп қалған Алла Пугачеваны кешіре алмай жүр. Олар осы тобырға қосылып, оның да оккупанттарға қолдау білдіріп отырса дейді. Бірақ оған қолдау білдіргісі келіп жатқан ерлі-зайыпты Галкин мен Пугачева жоқ.

Жақында тобыр Останкино мұнарасының өзінде әншіні қорлайтын шара ұйымдастырды. Олар студияның қасбетіне: «Алла, как хорошо, что ты убежала. Алла, ты давно здесь всех за*бала» деп жазып, үлкен панно іліп қойды.

Бұдан кейін әртістер үндемей тұра алмады.

Алдымен Алла Пугчева өзінің Instagram-дағы парақшасында ақ киім киіп алған кейпін видеода көрсетіп, барынша қысқа әрі нұсқа сөз жазды.

«Чем ниже интеллект, тем громче оскорбления. Живи спокойно,страна!», – деді ол.

«Интеллект төмен болған сайын қорлау да күштірек болады. Тыныш өмір сүр бер, елім!» – деді.

Максим Галкин соғыстың алғашқы күндерінен Украинаға қолдау білдірген болатын. Ол Ресей әскері Пасха күні Одессаны атқылауға алғаннан кейін видеоүндеу жариялады. Сол үшін ол Ресейде біраз сынның астында қалды.

Соғыс басталғалы бері Ресей өнерпаздарының басым бөлігі тек қарақан бастары үшін ғана өмір сүріп жүргендерін байқатып алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама