×

Ұлттық киімді неге өзіміз тікпейміз?

Киімге оюды бейнелеудің өзінің тәртібі болады

 Халық үні 20.03.2024 | 13:30

Қазақтың ұлттық киімдерін өзіміздің отандық шеберлер тігуі керек. Қазіргілердің көбі тапсырыспен Қытай мен Қырғызстанда тігілген деген сөздің негізі бар. Алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы «Сұрауы бар» ютуб-арнасына берген сұхбатында осылай деді.

Тарихшының айтуынша, ұлттық киімнің өзіне келісті дизайны болуы шарт. Ұлттық киім күнінде дизайн мен талғам мәселесінің айтылғаны орынды деп санайды ғалым. Сөзінше, киімге оюды бейнелеудің өзінің тәртібі болады. Сондай-ақ ол киімнің көпшілікке қолжетімді болуы – негзгі шарттардың бірі дейді.

Сатушы да, сатып алушы да бір түсінікте жүр. Баттастырылған ою болуы керек деп ойлайды. Қалыпты дизайн болуы керек. Ол шынында да арзан болуы керек. Ол көп шыққаннан кейін бағасы түседі. Алдыннан бері біздің киімнің бәрін шығарып жатқан қытай мен қырғыз елі ғой деп сынап айтып жатыр. Бұл сынның да негізі бар. Біз неге өзімізде өндірілген дүниені жасай алмаймыз? Біздің кез келген азамат жасай алады. Оны біздің киім тігуге қабілеті бар кез келген адам іске асыра алады, – деді Дихан Қамзабекұлы.

Бұдан бөлек, ғалым Наурыз мерекесін тек ескіні дәріптеу деп ғана түсінбеу керектігін жеткізді. Айтуынша, сол бір үрдісті өзгертетін уақыт жетті.

Наурыз этнографиялық мейрам емес деген ой шығуы керек. Қазір бірыңғай этнография. Тек қана киім киіп алдық, таңнан кешке дейін тамақ іштік, басқа ұлт өкілдері қазақтар бізге қашан тамақ береді деп қарап тұрғаннан арылуымыз керек. Бұл Наурызнама елдігімізді, парасатымызды, тіпті түрлі технологиямызды көрсете алатындай болуы керек. Мысалы, қазір киіз үйде тұрып жатқан жоқпыз ғой. Үлкен сарайларда өткізу керек. Тым этнографияға негіздеу мерекенің қадірін қашырып жібереді, – деп қорытты ойын тарихшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама