×

Құмар ойынның кесірінен суицидке баратын қазақстандықтар көбейді – Руслан Берденов

Оқушылар да бәс тіге бастаған 

 Дәурен Ерболат 29.03.2024 | 17:55
фото: khabar.kz

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов құмар ойынның кесірінен суицидке баратын қазақстандықтардың көбейіп бара жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Құмар ойыннан қаншама адам суицидке барып жатыр. Алайда оның нақты себебін көп жағдайда білмейміз. Сондай-ақ ажырасулардың 40%-ына лудомания тікелей себеп болды, - деді Руслан Берденов Мәжілісте.

Оның айтуынша, бүгінде оқушылар мен студенттер де бәс тігіп жүр.

«Мектептегі оқушылардың да осы ойыннан хабары бар. Бұл мәселеге қатысты 8 университетке бардым. Жоғары оқу орындарында лудомандардың көп екені, кейбір университеттерде олардың саны 30-40%-ға дейін жететіні айтылып жатыр. Ерлер де, қыздар да ойнап жүр. Осыған байланысты оқу орындарының басшылығы заңды қатаңдату мәселесін көтеріп отыр», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама