×

Коняшкин Қазақстанға суперкомпьютердің не үшін керектігін түсіндірді

Кез келген елде мұндай технологияны дамытуға мүмкіндік жоқ

 Дәурен Ерболат 26.03.2024 | 15:19
фото: Midjourney нейрондық желісі арқылы жасалған кескін

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин Қазақстанға суперкомпьютер не үшін керектігін түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біз – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ немесе басқа компанияның инженерлері платаларды жинап, керемет дүние жасағалы жатыр деп айтпаймыз. Суперкомпьютер дегеніміз не? Қарапайым тілде айтсақ, ол – қазір ішінара қолданатын, бірақ басқа технологияларға негізделген сервер жабдықтарының жиынтығы. Бүгінде салада AMD, Nvidia сияқты графикалық видеокарта өндірушілер көшбасшы саналады. Біз әлемдегі дамыған компаниялар пайдаланатын технологияларды сатып алу туралы айтып отырмыз. Осы ресурсты алғымыз келеді. Өйткені әлемдегі кез келген елде мұндай мүмкіндік бола бермейді, - деді басқарма төрағасы.

Ростислав Коняшкин елімізде жасанды интеллект технологиясын дамыту үшін серверлер алынып жатқанын жеткізді. Бірақ ол суперкомпьютер жобасын іске асыруға нақты қанша қаржы бөлінгенін айтпады.

Біз қолда бар мәліметтер негізінде жасанды интеллекттің жаңа модельдерін құру туралы айтып отырмыз. Бірінші кезеңде бұл бізге жеткілікті болады деп ойлаймыз. 5 жылдан кейін қанша сервер қажет болатынын айту қиын. Сондықтан біртіндеп шешім қабылдаймыз деп шештік. Біз ЖОО, ғылыми қоғамдастық үшін алғашқы сервер қуатын ұсынуды жоспарлап отырмыз, - деді басшы.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қазақстанның суперкомпьютер құруға кіріскенін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама