Halyq Uni логотип
×

НАТО елдері Украинаны жеңілуге көндіре алмай отыр

Италия, Франция, Германия және Венгрия – Путиннің жағында ойнап тұр

 Дастан Жұмабекұлы 31.05.2022 | 17:15
НАТО елдері Украинаны жеңілуге көндіре алмай отыр
фото: ukraina.ru

Ресей саясаттанушысы Андрей Пионтковский НАТО мен Еуроодақтың төрт елі Украинаның қолын байлап отырғанын айтты.

Бұл туралы ол белгілі журналист Дмитрий Гордонға берген сұхбатында айтты.

Қазір саясаттанушы АҚШ-та тұрып жатыр. Сұхбатта ол НАТО мен Еуроодақтың төрт елі Украинаға көмектесудің орнына, Ресеймен келісімге келіп, айырылған жерлерінен бас тартуға үгіттеп жатқанын айтты.

НАТО мен Еуроодақтың бірден төрт елі Украинаға көмектесу науқанының әрекеттерін тоқтатып тастап отыр, – деді ол.

Оның айтуынша, Украинаның жақтаушылары мен дұшпандары қазір әлемнің тағдырын шешіп беретін уақыттың келіп жеткенін жақсы түсінеді.

Сондықтан мен мүлде жаңа халықаралық құрылым құру керектігі жөнінде сөз қозғаған Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонның реакциясын өте жақсы түсініп отырмын. Бұл – дұрыс. НАТО-ның төрт елі – Италия, Франция, Германия және Венгрия – Путиннің жағында ойнап тұр. НАТО мен Еуроодақтың төрт елі. Осылайша олар ЕО мен НАТО-ның Украинаға қолдау көрсету жөніндегі әрекеттерін байлап тастап отыр, – деді Пионтковский.

Бұдан бұрын ол Путиннің арнайы қызметінің Еуропада орасан зор көлемді операция жасап жатқанын, соның әсерінен кейін бірқатар елдердің Украинаға «капитуляция жасау планын» ұсынатынын айтып ескерткен еді.

Оның айтқаны да келіп жатыр. Жақында Италия Украинаға өзінің төрт кезеңнен тұратын «бейбітшілік жоспарын» ұсынды. Онда қарсыластардың БҰҰ-ның бақылауымен осы тұрған орындарында ұрыс қимылдарын тоқтатулары, Украинаның қысқа мерзімде ЕО-ға қабылдануы және НАТО-ға қабылдану құқығынсыз бейтарап елге айналуы, Украина мен Ресей арасындағы «даулы Донбасс жері мен Қырым» жөнінде өзара келісімге келу қарастырылады.

Украина мұндай ұсынысқа келіспейтінін айтудай айтып жатыр. Жақында Зеленский Ресеймен ешқандай келісім болмайтынын кесіп айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама