Halyq Uni логотип
×

Үкімет Бірыңғай мемлекеттік алимент қорын құру идеясын қолдамады

Қор құру ажырасудың өсуіне әкелуі мүмкін

 Еркеғали Болатұлы 22.03.2024 | 12:45
Үкімет Бірыңғай мемлекеттік алимент қорын құру идеясын қолдамады
фото: Halyq Uni

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет қазірдің өзінде кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғап, әлеуметтік көмек алу бойынша шаралар қабылдап жатқанын түсіндірді. Сонымен бірге балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы және міндеті екенін жеткізді.

Қор құру борышкерлер санының көбеюіне, ажырасудың өсуіне, ата-аналық міндеттемелерден жалтаруға әкелуі мүмкін. Ал қор алдындағы қарызды өтеу мәселесі де даулы болып қала береді, - деді премьер-министр.

Оның айтуынша, шетелдік тәжірибені талдау мұндай құрылымды құру үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлуді, яғни қорды басқарудың арнайы құрылымын қалыптастыруды, қосымша штаттық бірліктерді бөлуді қажет етеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, атқарушылық іс жүргізу аясында алимент өндірудің қолданыстағы тетіктерін күшейту қажет деп санаймыз, - деді Олжас Бектенов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама