Halyq Uni логотип
×

Мемлекеттік кеңесші Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың басты ерекшелігін атады

15 наурызда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті

 Динара Амантай 19.03.2024 | 17:40
Мемлекеттік кеңесші Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың басты ерекшелігін атады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың басты ерекшелігін атады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, жиынның басты ерекшелігі мемлекет басшысы осыған дейін айтқан идеологемаларды қорыта келе, жалпыұлттық құндылықтардың нақты тізімін ұсынғанында жатыр.

Бұл – Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық. Осы құндылықтар тұғырнамасы мемлекеттің білім беру саласындағы, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі және мәдени-ағарту жұмысындағы басты бағдары болады, – деді Ерлан Қарин.

Бұл құндылықтар қазіргі кездегі идеологемаларды ғана емес, сонымен бірге бәрі қалыптастыруға тиіс жаңа әлеуметтік этиканың контурын айшықтайды.

Мемлекет басшысы құрылтайда сөйлеген сөзінде «Біздің алдымызда үш айрық жол тұр: құлдырау, тоқырау немесе өрлеу. Біз әрдайым өрлеуді таңдаймыз», – деді. Өрлеуге ұмтылу – елдің дамуына кедергі келтіретін барлық нәрседен бас тартуды ғана емес, барша азаматтардың өзін-өзі дамытуға деген белсенді ұмтылысын да білдіреді. Сондықтан бұл құндылықтар, қоғамда бүкіл еліміздің және әрбір азаматтың мүддесін тоғыстыратын прогрессивті мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруды көздейді, – деді мемлекеттік кеңесші.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама