Ринат Зайытов шетелге оқуға кеткен дәрігерлердің білім іздеп емес, қыдырып жүргенін айтты
Биыл дәрігерлерді дайындауға 300 млн теңген бөлінген
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов шетелде оқуға барған қазақстандық дәрігерлер қыдырып жүргенін айтып, министрден мәселеге назар аударуын сұрады.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, биыл дәрігерлерді дайындауға 300 млн теңген бөлінген.
Бұл да аз ақша емес. Таяуда Түркияда болдым. Ондағы азаматтар Денсаулық сақтау министріне сәлем айтты. Олардың айтуынша, Түркияға адамдарды жіберіп, оқытқаннан ешқандай пайда жоқ. Жасыратыны жоқ. Ол жақта біздің дәрігерлер сабақ оқығаннан гөрі көп қыдырады екен. Шетелдегі азаматтар сол ақшаға түріктің маманын алдыртып, неге елімізде оқытпайды деп айтып отыр. Себебі, осылай тиімді болады, - деді Ринат Зайытов.
Еске салайық, 2023 жылы еліміздің медициналық жоғары оқу орындары 7 мыңға жуық дәрігер оқытты, орта медицина қызметкерлерінің саны 23 мыңнан асты. 3 мыңнан астам денсаулық сақтау мамандарын бөлу бойынша жұмысқа орналастырылды.
Жергілікті бюджет қаражатының есебінен 16,5 мың дәрігер, оның ішінде 108 адам шетелде біліктілігін арттырған.