Биылдан бастап Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланады
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек» деген ой айтты. Президенттің сөзінше, кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатыр. Бұл – өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн. Осыған байланысты Halyq Uni этно шапандарды тігумен айналысатын қазақстандық дизайнер Бақыт Нұратдинованың ойын білді.
Халықтың ұлттық киімге, ұлттық нақышқа деген көзқарасы оң жағына өзгеріп жатыр. Бұл – қуанатын жағдай. Халықтың қолөнерге деген сұранысы артқаны да байқалады. Осы бағытта қынжылтатыны – Ұлттық киім туралы бастама көтерілгелі Қырғызстаннан келетін сапасыз, оюы қазақы нақышқа келмейтін киімнің көбейгені. Халық үшін оның бағасы қолжетімді, мектеп оқушысы киетін кеудешенің кұны – 3 мың теңге. Оюы қандай мағына беретініне халық қарамайды, бастысы – бағасы арзан, қолжетімді. Соны қадағалайтын, қандай да бір оюдың орналасқан жеріне дұрыс-бұрыс деп баға беретін жоба болуы керек, бақылау жүргізу қажет, - дейді қазақстандық дизейнер.
Айтуынша, қазақстандық дизайнерлер киімді бағалау кезінде шығындарын ескереді.
Бізде Бішкектегідей үлкен зауыт жоқ, шағын ательеде тігеміз. Киімді тігетін адамның жалақысы, салықты есептейміз. Сондықтан жұмысты 3 мың теңгеге мүлде бағалай алмаймыз. Мектеп жасындағы ер балаға арналған киім 8 мың теңгеден төмен болмағаны жөн. Себебі ұлттық киімнің құны тым арзан болмауы керек, - дейді маман.
Маман күнделікті киюге болатын шапандарға мән беретінін айтады. Сол себепті ұлттық киім бір тойдан кейін киілмей қалмауы керек деп санайды.
Оюды көзге түсетіндей етіп жасаудың қажеті жоқ, бірақ аз болса да ұлттық айдентиканы қолданған жөн. Қазақтың киімі екені кішкентай өрнектің өзінен көрініп тұрса құба-құп, - дейді Бақыт Нұратдинова.
Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев ұлттық киімді ұлықтау мақсатында «Ұлттық киім» күнін бекітуді ұсынды.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен халыққа қызмет көрсететін орталық қызметкерлерінің киімдеріне қазақи айдентика элементтерін қосуды ұсынды.
Ұлттық киім өндіретін отандық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, бизнесті қолдауға бағытталған гранттарда ұлттық киім кәсібіне басымдық беру. Халық арасында ұлттық киімді қолжетімді етуге ықпал етіп, сұранысты арттыру қажет.
Мектеп оқушылары киетін ұлттық киімдер стандартын әзірлеп енгізу, әрі халықаралық түрлі жарыстарға (ғылыми олимпиада, спорт) баратын азаматтардың формаларына міндетті түрде ұлттық нақышты бейнелеу керек, - деген еді депутат.
Айта кетейік, 2024 жылдан бастап елімізде Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланады. 14-23 наурыз аралығында «Наурыз-базарлық» маусымы жарияланады.
Наурызнама онкүндігі: