Айман Омарова зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салуды ұсынды
Заңгер халықтың құқықтық сауатын арттыратын бағдарламаға басымдық беруге шақырды
Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда заңгер Айман Омарова зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларды көрсетпеуді ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Омарова жиында зорлық-зомбылықты масс медиада насихаттауға тоқталды.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық сипатталатын резонансты істе БАҚ өкілдері бізден бұрын қимылдайтыны белгілі. Ал бұл ақпарат көп жағдайда жәбірленушілердің психологиялық күйзелуіне алып келеді. Тіпті, кейбірі ар-намысты алға тартып, өз-өзіне қол жұмсауға барады. Осыған байланысты зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салып, өрескел дүниені көрсетпеуді сұраймын, - деді Айман Омарова.
Оның пікірше, халыққа пайдалы ақпаратты ұсынған жөн.
Керісінше, халыққа пайдалы заңдарды насихаттауымыз керек, көрермендердің құқықтық сауатын арттыруымыз қажет, - деді заңгер.
Айта кетейік, Атырауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың отырысы өтіп жатыр.