×

Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізуге тыйым салатын жарлық шығарды - Путин

Біз бос уәделерді қабылдамаймыз, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 13.03.2024 | 14:42
фото: dailymoscow.ru

Ресей Украинамен келіссөз жүргізуге дайын, бірақ талқылаулар тек солардың қалауы бойынша емес, қалыптасқан шындықтар негізінде болуы керек, деді Ресей президенті Владимир Путин РИА Новости агенттігі үшін Дмитрий Киселевке берген сұхбатында.

Тағы қайталаймын, барлық дауды, осы қақтығысты да бейбіт жолмен шешкіміз келеді және біз бұған дайынбыз, - деді Владимир Путин.

Сондай-ақ ол кейбіреулердің Ресейге қатысты стратегиясын өзгерту туралы ойлана бастағанын айтты. Келіссөз процесін қайта бастау туралы идеялар дәл сол кезде пайда болған.

Батыспен «адал келісім» жасау мүмкіндігі туралы сұраққа Путин ешкімге сенбейтінін, бірақ Ресейге «барлығы анық көрсетіліп жазылған және сенуге тұрарлықтай» кепілдіктер қажет екенін айтты.

Бірақ біз бос уәделерді қабылдамаймыз, - деді Владимир Путин.

Бұдан бөлек, ол Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресеймен келіссөз жүргізуге тыйым салатын жарлық шығарғанын еске салды. Айтуынша, Украина басшысы бұл жарлықтың күшін жоюы керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама