×

Енді ломбард пен дүкендер құжаты жоқ телефонды қабылдамауға міндетті

Елімізде ұялы телефон ұрлығы бойынша 8 мыңға жуық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген

 Халық үні 12.03.2024 | 17:15

Астана қалалық қылмыстыр істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мекемтас Қажымұқанұлы бөтен кісілерді үйге кіргізбеуге, тегін дүниеге қызықпауға шақырды.  

Сотталушы 50 жуық адамның сеніміне кіріп, мүлкін ұрлаған. Жапа шеккендердің дені – 60-70 жастағы қариялар. Ол «судың фильтрін тегін ауыстырып беремін» деп қарт кісілердің үйіне кіріп, заттарын ұрлаған, кейбірінің банк қосымшасындағы жерлеу рәсіміне жинаған қаржатын өзіне аударып алған, - дейді Мекемтас Қажымұқанұлы.

Ал Бас прокурордың көмекшісі Ерлан Алмазұлының айтуынша, елімізде ұялы телефон ұрлығы бойынша 7 967 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. 2024 жылға дейін полиция қызметкерлері ұялы телефон ұрлығын ашуға ықылас танытпай келген. Енді бұл олқылыққа жол берілмейді.

Ұялы телефонды ломбардтарға, телефон сататын дүкендерге өткізіп жібереді, оны ешкім қоспайды. Сөйтіп бұл қылмыс ашылмайтын. Енді ломбардтар мен дүкендерді құжаты болмаса телефонды қабылдамауға міндеттедік. Көп жағдайда қылмысты жасыру үшін ұрылар телефонды шетелге жіберіп, сол жақта қосып, елге әкеліп жатады, - дейді Бас прокурордың көмекшісі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама