×

Еліміздегі РФ салатын мектептерге ресейлік мұғалімдер әкелінбейді

Ресей тарапы ол ақпаратты өздерінің сайттарынан алып тастаған

 Дәурен Ерболат 11.03.2024 | 17:20
фото: Halyq Uni

Қазақстанның оңтүстігіне Ресей Федерациясы салатын мектептерге ресейлік мұғалімдер әкелінбейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ресейдің мектеп салатыны рас. Сіздер оны білесіздер. Бұл мәселе РФ мен Қазақстан мемлекет басшыларының сапары кезінде  талқыланған. Мұның бәрі жазылды. Бірақ мұғалімдер алып келеді немесе басқа педагогтер келеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі ол – жалған ақпарат, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ ол «Ресей есебінен салынатын мектептерге ресейлік педагогтер апарылады» деген ақпаратты ресейлік БАҚ-тың өшіріп жатқанын жеткізді. 

«Бүгінде Ресей тарапы ол ақпаратты өздерінің сайттарынан алып тастаған. Демек, ол жалған болып шыққан ғой. РФ есебінен мектептер салынады. Алайда бүкіл кадр өзіміздікі болады. Ресейден ешқандай да мұғалім келмейді», - деді ресми өкіл.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама