«Астана созыла беретін резеңке емес»: қала әкімі депутаттың ұсынысына пікір білдірді
Бүгінде қалада 1,5 млн-нан аса адам тұрып жатыр
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қалалық мәслихат депутаты Азамат Айтқожиннің ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұл (ұсыныс) дұрыс емес. Қазақстан – унитарлы мемлекет. Сондықтан әрбір азаматтың қайда тұрғысы келсе, сонда тұруға құқығы бар. Елорда – бәріне ортақ. Сондықтан бізде шектеу жоқ, ол болмайды да, - деді Жеңіс Қасымбек Үкіметтің баспасөз орталығында.
Еске сала кетсек, бұған дейін мәслихат депутаты Азамат Айтқожин Астанаға келетіндердің санын азайту үшін блок-бекет қоюды ұсынған болатын.
Елордаға кім көрінген келеді. «Маған пәтер керек», «маған анау керек, мынау керек». Блок-бекет қойыңдар, бітті! Бәрі Астанаға ағылады. Астана созыла беретін резеңке емес қой, - деген еді депутат.
Бұл мәселеге Ішкі істер министрі де жауап берген болатын.