Мердігер анықталған соң қалпына келтіру жұмыстары тағы жүргізіледі
Ақтау тұрғындары биліктің назарын Тобанияз Әлниязұлының ескерткішіне аударды. Тұғырдағы кейбір қаптама тақтайшалар сынған және қалпына келтіруді қажет етеді, арматура тұғырдан шығып тұр дейді олар. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.
Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қазір қаланы абаттандыру нысандарын күтіп ұстауға қатысатын мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Мердігер анықталған соң қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.
Айта кетсек, бұл – Тобанияз Әлниязұлының 12-шағын аудандағы саябаққа орнатылған екінші ескерткіші. Мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметінше, қала билігіне ескерткішті жаңартуға 65 313 642 теңге берілген.