Halyq Uni логотип
×

«Коронавирус – соңғы пандемия емес». БҰҰ Бас хатшысы мәлімдеме жасады

Антониу Гутерреш коронавирустан кейінгі пандемияға дайындалуға шақырды

 Халық үні 27.12.2021 | 11:08
«Коронавирус – соңғы пандемия емес». БҰҰ Бас хатшысы мәлімдеме жасады
Антониу Гутерреш, фото: ria.ru

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш мәлімде жасап, COVID-19 пандемиясы адамзат үшін соңғы емес, келесісіне дайындалу керектігін айтты.

Жыл сайын 27 желтоқсанда әлемде Эпидемияға қарсы халықаралық дайындық күні аталып өтеді. Оны БҰҰ Бас Ассамблеясы 2020 жылдың қарашасында жариялады.

COVID-19 адамзат тап келген соңғы індет болмайды. Денсаулық сақтау саласындағы бұл дағдарыспен күресу барысында біз келесісіне дайындалуымыз керек. Эпидемияға қарсы халықаралық дайындық күнінде осы мәселеге назар аударайық және ол қажет ететін инвестицияны атап өтейік, - деп жазды Гутерреш өзінің Twitter парақшасында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын пандемия деп жариялады.

Джонс Хопкинс университетінің (АҚШ) мәліметінше 2021 жылдың 26 ​​желтоқсанындағы жағдай бойынша әлемде COVID-19 инфекциясын 279 миллионнан астам адам жұқтырып, 5,3 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама