Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда мұздықтар еріп, таудағы өзендер құрғап кетуі мүмкін – сарапшы

Катаржина Вавьерниа әлемде 2,5 млрд адамның таза ауыз суға жарымай отырғанын айтты

 Айнұр Шошаева 22.02.2024 | 17:56
Қазақстанда мұздықтар еріп, таудағы өзендер құрғап кетуі мүмкін – сарапшы
Фото: Halyq Uni

Қазақстан жаһандық су тапшылығын шешу мәселесіне белсене қатысуға тиіс. БҰҰ Тұрақты даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа осындай пікірде, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ол Астанада өткен су технологиялары мен ресурстары бойынша I халықаралық Global water форумына қатысып, саладағы мәселелерді шешуге қатысты өз ойын айтты. Оның сөзінше, UNDP климаттың өзгеруін су ресурстарына әсері туралы зерттеу жүргізген.

Бұл зерттеу климаттың өзгеруі су ресурстрана 80 пайыз әсер ететінін көрсетті. Апаттық топан сулар, құрғақшылық пен мұздықтардың еруі жаһандық проблемаларды одан сайын үдете түседі. Бүгінде судың өзі жаһандық проблемаға айналды. Суды тиімсіз басқару прогресті тежеп, жер платенасының өмірін қатерге тігіп отыр. Қазіргі күні планетадағы 4 млрд адам су тапшылығынан зардап шегіп отыр. Жарты миллиард адамға үнемі су жетіспейді. 4,2 млрд адам үшін санитария қолжетімсіз, 2,5 млрд адам таза ауыз суға жарымай отыр. Сондай-ақ 120 млн адам ауыл шаруашылығы үшін су тапшы өңірлерде тұрады. Сондықтан бұл бүкіл әлем үшін жаһандық, фундаменталды проблема, - деді ол.

Ол Қазақстанның су мәселесіне басымдық беріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ Орталық Азияда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында суды тұтыну қажеттілігі жылдан жылға артып келе жатқанына назар аударды. 

«Су тапшылығын шешу үшін алдымызда тұрған сын-тегеуріндермен күресуіміз қажет. Ол қоршаған ортаның ластануы, инфрақұрылымдарды салу және т.б. Біздің ойымызша, тұрақты дамудың тетігі халықаралық ынтымақтастығында жатыр. Қазақстан осы жаһандық пікірталасқа интеграциялануға тиіс. Бұған жаһандық серіктестермен жұмыс істеу де кіреді. Мемлекет сараптама жүргізіп, ресурстарды тауып, су ресурстарын басқаруда өзінің тұрақты басқарудағы үздік тәжірибелерді енгізе алады. БҰҰТДБ тарапынан біз Қазақстан үшін маңызды басымдықта маңызды ойыншының бірі бола аламыз. Елдердің арасындағы технология, білім саласында өзара ынтымақтастығы жақсарып, платформа жасау қажет. Бұл платформада неғұрлым көп ойыншы болса, солғұрлым Қазақстан үшін жақсы болады», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар БҰҰ Тұрақты даму бағдарламасының су ресурстарын басқаруды интеграциялауға қатысты тәсілі туралы айтты.

Біз оны түрлі бағдарламалардың аясында қолданып отырмыз. Мәселен, климаттың өзгеруіне қатысты біздің ұйым түрлі бағдарламаларды әзірлеп жатыр. Ол жобалар қаржыландыруды да қамтиды. Сондықтан Каспий теңізін жақсарту, басқа да климаттық өзгерістерге бейімделуді басқаруды жетілдіру қажет. Әрі ол интеграцияланған әр салалық тәсіл болуы керек. Сонымен қатар мәселе мемлекеттердің арасындағы өзара байланыс пен коммуникацияны талап етеді. Бұл тек Қазақстанның проблемасы емес, бүкіл әлемге ортақ мәселе. БҰҰТДБ мұны шешуге көмектесуге уәде беріп отыр, - деді тұрақты өкіл.

Бұған қоса, ол алдағы 50 жылда Қазақстандағы су мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді. Ғалымдардың климаттың өзгеруіне қатысты жасаған зерттеулері су ресурстары сын-тегеуріндерен жиі кездесетінін көрсетіп отыр.

«Сәйкесінше ауа температурасы, жауын-шашын мен судың жалпы мөлшеріне әсер етпей қоймайды. Нәтижесінде бұл құрғақшылық пен су тасқындарының жиілеуіне әкеледі. Әрине бұл су ресурстарын басқару мен зерттеуде тиімді стратегия құруды талап етеді. Біздің зерттеулеріміз Қазақстанда температураның көтерілу үрдісі байқалатынын көрсетіп отыр. Температураның көтеріліп, мұздықтардың еруіне ықпал етуі осы ғасырдың ортасына қарай таудағы өзендердің тасып, кейін олардың құрғап кетуіне әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Сондықтан бар су ресурстарын құрғап кетуден сақтауға тырысу қажет. Өйткені бұл ауыл шаруашылығы секторы үшін де сын болады. Өзендердің төмен жағында орналасқан елдер ауыл шаруашылығында су тапшылығы болуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Бұл мәселені шешу профилактикалық іс-шараларды күшейтуді талап етеді. Сонымен қатар су тапшылығы халықтың көбеюімен асқынуы мүмкін екені белгілі. Әсіресе құрғақ өңірлер үшін өзекті мәселе. Трасшекаралық суды басқару қиындық туғызады, бұл өзара ынтымақтастыққа байланысты», - деп қорытындылады Катаржина Вавьерниа.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама