Halyq Uni логотип
×

«Оңтүстіктен – солтүстікке» бағдарламасы нәтиже бермеді - Әшімбаев

СҚО-да соңғы 10 жылда халық саны 45 мың 800 адамға азайып кеткен

 Еркеғали Болатұлы 20.02.2024 | 16:30
«Оңтүстіктен – солтүстікке» бағдарламасы нәтиже бермеді - Әшімбаев
фото: kstnews.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы нәтиже бермегенін мәлімдеді.

Демографиялық мәселелерге арналған Сенаттағы үкімет сағатында спикер оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасының тиімсіз болғанын ашық айтты.

Бүгінде оңтүстік-батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал солтүстік аймақтарда, керісінше, азаю үрдісі байқалады. Кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында халық саны азайған. Бұл ретте оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы болжанған нәтиже бермегенін мойындауымыз керек, - деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, қазір Сенатта қаралып жатқан көші-қон туралы жаңа заң еңбек ресурстарының ұшқырлығын арттырады деген сенім бар.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов халықтың санына қатысты соңғы мәліметті жариялады. Оның айтуынша, соңғы 10 жылда өңірдегі халықтың саны 45 мың 800 адамға азайып қалған. Ауыл халқы да айтарлықтай қысқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама