Ол мұндай мәлімдемелерден кейін туындауы мүмкін жеккөрушіліктен қорықпайтынын да айтты
Қарағандыда қала әкімі Мейрам Қожықов аяз кезінде желіге түсетін жүктеменің артуына байланысты бірнеше шағын ауданда электр қуатының өшіп қалуына қатысты пікір білдірді.
Ол таяуда оңтүстік-шығыс тұрғындарының 1-2 сағат жарықсыз қалғанына қарамастан, жылу электр орталығы тұрақты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Неге бұлай болды? Барлық жылытқыштар қосылғандықтан электр желілерінде үлкен жүктеме болды. Достар, мен түсінемін, үйде футболка, шолақ шалбармен жүру ыңғайлы және ол үшін үй температурасы 28 градус жылы болуы керек. Бірақ менің тағы бір рет түсіндіргім келетіні – егер сіздің үйіңізде 21-22 градус болса, бұл норма жылытқышты қосудың қажеті жоқ, тек жылырақ киінсеңіз болды, - деді әкім.
Сондай-ақ ол электр энергиясы жаппай сөнген жағдайда сорғы станциялары да жарықсыз қалуы мүмкін екенін еске салды. Олай болған жағдайда тұрғындар бірден жарықсыз, жылусыз, сусыз қалады.
Онда тон киюге тура келеді. Тағдырымызды да, желілерімізді де сынамай-ақ қояйық! Сондықтан үлкен мәселелер туындамас үшін аздап шыдамдылық танытып, желіге салмақ түсірмеулеріңізді сұраймын, - деді шенеунік.
Осы орайда ол мұндай мәлімдемелерден кейін туындауы мүмкін жеккөрушіліктен қорықпайтынын айтты. Бірақ жылыту жағдайы жақын арада оңалады деп те уәде берді.
Әрқашан үйіміз жылы болғанмен, біз өте төмен температурада жылу тапшылығын сезінеміз. Ал биыл үшінші жылу көзін енгізу арқылы бұл мәселені шешеміз, - деді Мейрам Қожықов.
Әкім коммуналдық сала қызметкерлеріне де ризашылығын білдіріп, көктемнің жақындап келе жатқанын еске салды.
Еске сала кетсек, Қарағандыда ауа температурасы күндіз -23 градусты көрсетсе, түнде -35 градустан төмен түсіп тұр.