«Батыс орыс әлеміне соғыс жариялады» - Лавров

Дастан Жұмабекұлы

Ол санкцияның ұзаққа баратынын айтты

фото: obzor.lt

Бүгін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров СІМ жанынан құрылған РФ-ның құрамына кіретін республикалар, өлкелер мен облыс басшылары кеңесінің отырысында Батыс елдерінің орыс әлеміне соғыс жариялағанын мәлімдеді.

Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.

Ол Америка құрлығындағы АҚШ пен Канаданың, Еуропа мемлекеттерінің Ресейге қатысы бар барлық нәрсеге ашық тыйым салып жатқанын атап өтті.

Батыстың санкциясына Ресейге қатысы бар нәрсенің бәрі ұшырап жатыр. Мысалы, біздің классиктеріміз – Достоевский, Пушкин, Достоевский, Чайковскийдің шығармаларына тыйым салынған. Сонымен бірге қазіргі отандық мәдениет және өнер қайраткерлері де қысым көрсетіліп жатыр. Бұл жақсы нәрсе емес. Ұзаққа баратын секілді, - деді ол.

Оның айтуынша, Батыс елдері соңғы 30 жылда «қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін Ресеймен шынайы қарым-қатынас орната алмады. Өтірік дипломатияның кесірінен тараптар бір-біріне сенбей, ұзақ жыл қаруланды. Соның кесірінен өзара сенімсіздік пайда болып, оның соңы Украинадағы «Арнайы операцияға» алып келді.