Сарапшы Қазақстандағы цифрлық майнингке қатысты заңдар жиі өзгеретінін айтты
Энергетика саласындағы ахуалға байланысты майнерлер мен ірі инвесторлар Қазақстан нарығынан кетіп жатыр. Бұл туралы Қазақстандық блокчейн технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев «Голос народа» YouTube арнасына берген сұқбатында айтты.
Сарапшының пікірінше, цифрлық майнинг саласында теріс тенденция байқалып отыр.
«Бірқатар майнерлер мен ірі инвесторлар энергетикалық жағдайға байланысты Қазақстаннан біртіндеп кетіп жатыр. Тұтастай алғанда, бұл саланы дамыту үшін белгілі бір заңнамалық кедергілер бар, өйткені біздегі цифрлық майнингке қатысты заңдар жиі өзгерді. Әрине, бұл инвестициялық климатқа теріс әсер етеді. Нарықтағы кейбір компаниялар кетті, ал қалғандары осы жағдайдан аман қалуға тырысып жатыр. Олар реттеуші саладағы талаптарды біртіндеп жеңілдететініне сенеді. Оның ішінде майнерлердің жұмысы үшін қосымша қуат көздерін табады деп үміттенеді», - деді Дәурен Қарашев.
Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының басқарма төрағасы Анатолий Шкарлупаның сөзінше, майнерлердің электр энергиясын тұтынуы шамамен 10 есеге қысқарған.
Тапшылық туралы айтып, дабыл қаға бастағанда майнерлердің жүктемесі 1 200 МВт шамасында екені айтылды. Қазір майнерлер сауда-саттыққа қатысуда, олар үшін электр энергиясын сатып алудың жеке тетігі құрылды. Қателеспесем, қазір сауда-саттыққа барлығы 180 МВт қана түседі, бұрын 1 200 МВт болған. Іс жүзінде біз 10 есе жоғалттық, тұтыну төмендеді, - деді ол.
Сарапшы цифрлық майнингті бюджетке тұрақты табыс әкелетін тиімді саланың біріне жатқызып отыр.
«Үнемі айтамын, бұл жай ғана емес теңгелік сату емес, бұл биржадағы валюталық сату, мемлекетке көп салық төленеді. Мұнда жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейді. Ең бастысы, бұл сала энергетикаға қажет. Майнинг фермалары біркелкі кестеде жұмыс істейді. Егер қажет болған жағдайда олар өз жүктемесін тез және тиімді түрде шығара алады. Сондықтан біз оған жағдай жасауымыз керек. Бұл энергетиканың дамуы үшін керек. Ал энергетика елдегі барлық жаңа өндірістерді іске қосып, бірге дамуы керек», - деді Анатолий Шкарлупа.