Еуропада аспартамға тыйым салынған, бізде балалар тағамына қосылады – Жанна Нұрберген
Ғалымдар аспартамның адам ағзасына өте зиян екенін дәлелдеген
Энергетикалық сусындардың құрамындағы таурин, кофеин секілді түрлі химиялық қоспалар адамның жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді. Түрлі дәмдеуіш пен қант алмастырғыштар. Қазір газдалған тәтті сусындарға қанттың орнына синтетикалық қанталмастырғыштар қосылады. Бұл туралы белгілі диетолог Жанна Нұрберген Halyq Uni тілшісіне айтып берді.
Маманның сөзінше, химиялық қант алмастырғыштарды Е950, Е951, Е952 етіп жасырып қояды. Солардың ішінде ең көп тарағаны - аспартам деген қант алмастырғыш. Ол Еуропа елдерінде тыйым салынған, ал ТМД елдеріндегі тағам мен сусындардың құрамында әлі кездеседі.
Ол кәдімгі химиялық канцерогендік зат болып бекітілген. Өкінішке қарай, барлық сусын, тіпті дүкендердегі балаларға арналған тәттілерінің құрамында кездесетін өте қауіпті химиялық қант алмастырғыш қоспа, - дейді дәрігер.
Маманның айтуынша, ғалымдар зерттеу нәтижесінде аспартамның адам ағзасына өте зиян химиялық улы зат екенін дәлелдеген. Сол үшін Еуропада аспартамға тыйым салынған.
«Тәжірибе жасап, кішкентай дозасын тышқанға берсе, ол өліп қалған. Демек, кері әсерін беріп жатыр. Сондай зерттеулер көп болған. Тоқетері, осы аспартам, тағы басқа да химиялық қант алмастырғыштар ағзаға, орталық жүйке жүйесіне, қантамырлар жүйесіне де – жалпы адам ағзасы үшін ең улы химиялық канцероген болып табылады», - дейді маман.