Halyq Uni логотип
×

Министр елімізде орман өрті көбейгенін әлемдегі жылымықпен байланыстырды

Былтыр 61,1 мың гектар орман өртенген

 Дәурен Ерболат 12.02.2024 | 10:53
Министр елімізде орман өрті көбейгенін әлемдегі жылымықпен байланыстырды
фото: Halyq Uni

Бүгінде әлемде ауа температурасы көтеріліп жатыр. Осыған байланысты Қазақстанда орман өрті көбейген. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістегі Үкімет сағатында министр Қазақстанда орман қорын күзету және қорғау бойынша есеп берді.

Елімізде мемлекеттік орман қорының көлемі – 30,9 млн гектар. Оның ішінде орманмен көмкерілген жер – 13,7 млн гектар. Қазақстандағы орманның үлесі – 5,5%. 2023 жылы жалпы ауданы 116 мың 800 гектар болатын 810 орман өрті тіркелді. Оның ішінде орманмен көмкерілген алқап – 61,1 мың гектар, - деді Ерлан Нысанбаев.

Ол орман өрттерінің шығу себептеріне тоқталды. 

«Найғазай жарқылынан – 498 дерек, ауыл шаруашылығы жерлеріне өрттің шарпуы – 87 дерек, жеке және заңды тұлғалардың кінәсынан – 31 дерек, анықталмаған себептерден 194 оқиға тіркелді», - деді министр.

Ерлан Нысанбаев елімізде орман өртінің көбеюіне әлемнің жылынуы себеп болып отыр деген ұстанымда.  

«Соңғы жылдары орман өртінің көбейіп кетуі дүниежүзілік климаттың өзгеруіне тікелей байланысты екенін атап өтеміз. Бұл ретте басқа жерге қарағанда Азия континентінде климат +4 градусқа жылдам көтеріліп жатыр. Бұл құбылыс 2023 жылғы желтоқсанда Дубайда өткен климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияда айтылды», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама