Қала әкімдігі қазір автобустардың тазартылып жатқанын мәлімдеді
Ақтаулықтар әкімдікке қаладағы көріксіз қоғамдық көліктерге қатысты шағымданып отыр. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.
Сайттың жазуынша, қала тұрғындары автобустардың ластығына, әсіресе, №3, 5, 8, 104 бағыттағы қоғамдық көліктердің жағдайына назар аударуды сұрайды.
Осы орайда, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі автобустарды жуу көлік компанияларының міндеті екенін хабарлады.
Соңғы екі-үш күнде ауа райы жауын-шашынды болғандықтан, оларды жуу мүмкін болмады. Бүгінде автобустар толықтай жуылып, тазартылып жатыр, – делінген аталған бөлім хабарламасында.