Halyq Uni логотип
×

Ақтау тұрғындары автобустардың ластығына шағымданды

Қала әкімдігі қазір автобустардың тазартылып жатқанын мәлімдеді

 Ербол Тұрымбет 11.02.2024 | 15:54
Ақтау тұрғындары автобустардың ластығына шағымданды
фото: дереккөз

Ақтаулықтар әкімдікке қаладағы көріксіз қоғамдық көліктерге қатысты шағымданып отыр. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Сайттың жазуынша, қала тұрғындары автобустардың ластығына, әсіресе, №3, 5, 8, 104 бағыттағы қоғамдық көліктердің жағдайына назар аударуды сұрайды.

Осы орайда, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі автобустарды жуу көлік компанияларының міндеті екенін хабарлады.

Соңғы екі-үш күнде ауа райы жауын-шашынды болғандықтан, оларды жуу мүмкін болмады. Бүгінде автобустар толықтай жуылып, тазартылып жатыр, – делінген аталған бөлім хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама