Halyq Uni логотип
×

ХАМАС-ты жоюдан басқа балама жоқ - Израиль премьер-министрі

Ол АҚШ-тың Газада тез бітімге келу жөнінде әрекет етіп жатқанын жоққа шығарды

 Еркеғали Болатұлы 08.02.2024 | 15:05
ХАМАС-ты жоюдан басқа балама жоқ - Израиль премьер-министрі
фото: Getty Images

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС ұсынған атысты тоқтату шарттарын қабылдамады. Ол Газа секторында бірнеше айда жеңіске жететініне сенімді.

Сондай-ақ ол АҚШ-тың Газада тез бітімге келу жөнінде әрекет етіп жатқанын жоққа шығарып, шайқастың жалғасатынын айтты.

Нетаньяхудың айтуынша, Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалғыз жолы – ХАМАС-ты толық жеңу. Премьер-министр жеңісті күн жақын екенін және бірнеше айдың ішінде соған қол жеткізуге болатынын баса айтты. Ол Израиль қорғаныс күштерінің Газа секторының оңтүстігінде операция бастау туралы бұйрық алғанын растады.

ХАМАС-ты жоюдан басқа балама жоқ. Әйтпесе ХАМАС-тың азаматтық үкіметі әскери жеңіліссіз құламайды, – деді ол.

Ал Халықаралық сот Израильдің Газадағы әрекетін «геноцид» деп атады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама