Жанкүйерлер құны 460 доллар тұратын билет сатып алған
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси матчқа қатысу үшін Гонконгқа келіп, алаңға шықпай қойды.
«Интер Майами» (4:1) жеңісімен аяқталған матчтан кейін клуб иесі Дэвид Бекхэм жанкүйерлерге үндеу жасады. Жанкүйерлер өз реніштерін білдірді.
Бекхэм алғыс айту кезінде қатты қобалжыды. Жанкүйерлер ашуын бас бармақтарын төмен қаратып көрсетті, - деп хабарлады БАҚ.
Жанкүйерлер құны 460 доллар тұратын билет сатып алған. Мессидің ойынға қатысудан бас тартуына Гонконг Үкіметі пікір білдірді.
Гонконгтық жанкүйерлер бұл матчты асыға күтті және көптеген туристер қалаға керемет ойын көру үшін келді. Гонконг Үкіметі мен жергілікті жанкүйерлер Мессидің ойнамағанына қатты ренжіді. Жанкүйерлерге Аргентина жұлдызының болмауының себебін түсіндірмеді.
«Интер Майами» футбол клубы алыстан келген туристердің үмітін ақтамады. Мәдениет, спорт және туризм бюросы мен ірі спорттық іс-шаралар жөніндегі комиссия Мессидің ойынға қатыспауына байланысты демеушілік қаражатты ұстап қалып, келісімшартқа сәйкес, ұйымдастырушыны жауапқа тартады», - деп хабарлады Гонконг үкіметтік жаңалықтар желісі.
Сондай-ақ БАҚ кездесу аяқталғаннан кейін Мессидің біртүрлі әрекет еткенін хабарлады.
Мессидің киім ауыстыратын бөлмеде Гонконг ойыншыларымен алаңнан тыс жақсы қарым-қатынаста болғысы келмеуі кейбір ойыншылардың көңілін қалдырды. «Алтын доптың» 8 дүркін иегері суретке түсуден бас тартты және өзін жөнсіз ұстады, – деп хабарлады scmp.com.
Айта кетсек, Месси бір күн бұрын Гонконгта өткен ашық жаттығуға қатысқанмен, жарақатына байланысты ойын кезінде алаңға шықпай қалған еді.