Жақын арада Ставканың отырысы болуы мүмкін
Украина президенті Владимир Зеленский Қарулы күштердің бас қолбасшысы Валерий Залужныйды орнынан ауыстырғысы келетінін айтты.
Ол Италияның Rai1 телекомпаниясына берген сұхбатында Залужныймен келіспейтін тұстары көп екенін айтқан. Осыған байланысты Қарулы күштердің бас қолбасшысын отставкаға жіберу үшін Ставканың отырысы болуы мүмкін деген хабар шықты.
Бұл мәселе бар ғой, Украинаның болашағына тікелей қатысты. Әрине, мен бәрін түсінемін. Украинаға қазіргі соғыс кезінде жаңашыл, жаңа көзқарастағы адамдар керек. Осыны неге үнемі айта береді деп ойлайтын шығарсыздар. Мен сіздерге айтайын, өзгеріс қажет. Өзгеріс әскерде ғана емес, саясатта да керек. Қазір мен осы туралы көп ойланып жүрмін, – деді Зеленский.
Ол жоғары биліктегі адамдарды орындарынан босатуды ойластырып отырғанын жасырмады. Бірақ соңғы шешімді нақты қай кезде қабылдайтынын айтпады.