Енді олардың бар үміті Сенат депутаттарында
Қазақстанның медициналық қоғамдастығы қазір Парламентте қаралып жатқан денсаулық сақтау туралы заң жобасының қабылдануына қарсы, деп хабардады Halyq uni.
Бұл туралы QazMed медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасының кеңесшісі Елжан Біртанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
QazMed медицина қызметкерлері салалық кәсіподағының қызметкерлері денсаулық сақтау туралы заң жобасын қазіргі түрінде қабылдауға болмайды және оны пысықтауға жіберу керек деп есептейді. Олардың айтуынша, медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру бойынша норма, науқас қайтыс болған жағдайда дәрігерлік қателік үшін қылмыстық жазаны сақтай отырып, теріс салдарға әкеп соғады. Атап айтқанда, сақтандыру төлемін алу үшін азаматтардың шағымдары өсуі мүмкін. Сонымен қатар, сарапшылар мұндай наразылық әлеуметтік жағдайдың нашарлауына және медицина саласындағы кәсіби кадрлардың кетуіне әкелуі ықтимал екенін айтып отыр, - деді ол.
«Медициналық ұйымдардың қазақстандық альянсы» РҚБ басқарма төрағасы Дәулетхан Есімовтің айтуынша, жұмыс тобының мүшелері екі жыл бойы заң жобасындағы проблемалық баптар туралы айтып, мәселе көтерген.
Жұмыс тобының мүшелері заң жобасы екі жыл бойы Мәжілісте болған кезде оның проблемалық баптары туралы, ҚР ҚК-нің бабын қылмыссыздандыру қажеттілігі туралы, медицина қызметкерлерінің өз міндеттерін атқару кезіндегі жеке мәртебесі туралы, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау туралы айтып, мәселе көтердік. Алайда салалық министрлік пен Үкіметтің күштік құрылымдық блогы бұл шараларды жасамады. Енді Сенат депутаттары құлақ асады деп үміттенеміз, - деді Дәулетхан Есімов.