«Терроризмнің халықаралық демеушілері» деген тізімде әртүрлі елдерден 48 компания бар
Қытай Украинаға Киевтің қытайлық компанияларды «соғыс демеушілері» деп тануына байланысты екіжақты қарым-қатынастардың нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлады Reuters.
Украиндық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл ескертуді Қытайдың Киевтегі елшісі Фань Сяньжун Украина Үкіметінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесуінде айтқан.
Қазір Украинаның «терроризмнің халықаралық демеушілері» деген тізімінде әртүрлі елдерден 48 компания бар, олардың 14-і – қытайлықтар. Өткен жылдың қазан айында Киев бірқатар қытайлық фирманы тізімге енгізді. Оның ішінде CNPC, Sinopec Group, CNOOC мұнай-газ компаниялары бар.
Басылымның хабарлауынша, Қытай Сыртқы істер министрлігі бұл тізімге қытайлық компанияларды енгізуге қарсы және Украинадан «қателерді дереу түзетіп, жағымсыз салдарды жоюды» талап етеді.
Бұл ретте Қытай тарапы Украинаға ешқандай шарт қоймағанын, тек тізімге қатысты өз пікірін білдіргенін мәлімдеді.